Iconic Complex туралы сұрақтар мен жауаптар
Бұл бетте Iconic Complex туралы негізгі сұрақтарға жауап берілген: орналасқан жері, сәулеті, құрылыс мерзімі, кешенде қарастырылған кеңістіктер және жобаға қатысу мүмкіндіктері.
Кешен туралы
-
Iconic Complex дегеніміз не?
Iconic Complex – Alatau City-де салынып жатқан көпфункциялы кешен. Оның құрамына биіктігі 272 метрлік мұнара, биіктігі 78 метрлік мұнара, сауда орталығы және алты аз қабатты кеңсе ғимараты кіреді.
-
Iconic Complex қай жерде орналасқан?
Iconic Complex Қазақстанның Алматы облысындағы Алатау қаласының іскерлік аймағы – Gateway District-те орналасқан. Қала Алматы мен Қонаев қалаларының арасында орналасқан.
-
Iconic Complex кешенінің биіктігі қанша?
T2 мұнарасының жобалық биіктігі – 272 метр. Ол 53 қабаттан тұрады. T1 мұнарасының биіктігі – 78 метр, 15 қабаты болады.
-
Iconic Complex, Iconic Towers және Айконик Тауэрс – бір кешен бе?
Иә, бұл – бір кешен. Ресми атауы – Iconic Complex. Орыс тілінде Айконик Комплекс деп жазылады, ал жоба материалдарында Iconic Towers атауы да кездеседі.
Қатысушылар мен құрылыс мерзімі
-
Iconic Complex кешенінің сәулетшісі кім?
Iconic Complex кешенінің сәулеттік тұжырымдамасын Дубайдағы Burj Khalifa ғимаратының жобасын әзірлеген америкалық Skidmore, Owings & Merrill (SOM) бюросы.
-
Iconic Complex құрылысын қай компания жүргізеді?
Iconic Complex жобасының құрылыс жөніндегі серіктесі – Қытайдың China State Construction Engineering Corporation (CSCEC) корпорациясы.
-
Iconic Complex қандай қаражатқа салынып жатыр?
Iconic Complex жеке инвестициялар есебінен салынып жатыр.
-
Iconic Complex құрылысы қашан аяқталады?
Құрылысты 2029 жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Кешеннің және оның жекелеген кеңістіктерінің ашылу мерзімі туралы ақпарат бөлек жарияланады.
Кешеннің ішінде не болады?
-
Iconic Complex-тің ішінде не болады?
Iconic Complex құрамында 275 апартамент, A+ санатындағы кеңселер, 175 нөмірлі бес жұлдызды қонақүй, дүкендер мен мейрамханалары бар сауда орталығы, Sky Club және шолу алаңдары болады.
-
Келушілер Iconic Complex аумағына кіре ала ма?
Иә. Сауда орталығы, мейрамханалар мен қоғамдық алаң кешен тұрғындарына, компания қызметкерлеріне және қала қонақтарына арналған. Шолу алаңдарына кіру тәртібі мен келу шарттары әзірге жарияланған жоқ.
-
Iconic Complex ішінде шолу алаңы бола ма?
T2 мұнарасының 50 және 51-қабаттарында шолу алаңдары қарастырылған. Оларға кіру тәртібі мен келу шарттары бөлек жарияланады.
-
Iconic Complex-тің ішінде қонақүй бола ма?
Иә. T2 мұнарасында 175 нөмірлі бес жұлдызды қонақүй болады. Қонақүй нөмірлері 20-29-қабаттарда орналасады. Бассейн, SPA аймағы, мейрамханалар мен қонақүй лоббиі 18 және 19-қабаттарда орналасады. Қонақүй операторы кейінірек жарияланады.
Қауіпсіздік
-
Iconic Complex жобасында сейсмикалық қауіпсіздік ескерілген бе?
Иә. T2 мұнарасын жобалау кезінде құрылыс алаңының сейсмикалық ерекшеліктері ескерілген. Темірбетон өзек пен болат қаңқа жүктемені бірлесіп қабылдайды, ал арнайы байланыстар жер сілкінісі кезінде бөлінетін энергияның бір бөлігін сіңіреді.
Жобаға қатысу
-
Iconic Complex кешенінен апартамент сатып алуға бола ма?
Апартаменттер сатылымының басталуы, қолжетімді нұсқалар және сатып алу шарттары туралы ақпаратты «Инвестициялық мүмкіндіктер» бетіндегі форма арқылы сұратуға болады.
-
Iconic Complex кешенінен кеңсе жалдауға немесе дүкен ашуға бола ма?
«Ынтымақтастық» бетіндегі форма арқылы өтініш жіберіп, «Кешенде бизнес жүргізу» тақырыбын таңдаңыз. Қызмет бағытын, қажетті алаң көлемін және үй-жайға қойылатын негізгі талаптарды көрсетіңіз.
-
Iconic Complex токенизациясы дегеніміз не?
Iconic Complex токенизациясы жобаға байланысты цифрлық активтер шығаруды көздейді. Токен иелерінің құқықтары мен жобаға қатысу шарттары активтерді шығару құжаттарында айқындалады.
-
Iconic Complex командасымен қалай байланысуға болады?
«Байланыс» бетіндегі форманы толтырып, өтініш тақырыбын таңдаңыз. Журналистер жоба бойынша БАҚ-пен байланыс жөніндегі өкілге жүгіне алады.