Iconic Complex — на главную

Alatau City

Alatau City (Алатау қаласы) Қазақстанның Алматы облысында, Алматы мен Қонаев қалаларының арасында орналасқан. Қаланы дамыту тұжырымдамасы аясында іскерлік, білім беру, өнеркәсіптік және туристік нысандар шоғырланатын төрт аудан құру көзделген. Қазіргі уақытта Gateway District іскерлік аймағында Iconic Complex деп аталатын көпфункционалды кешен салынып жатыр.

Күн шуақты күндегі жасыл шатырлы қала даңғылы мен шыны зәулім ғимараттар

Alatau City қай жерде орналасқан

Alatau City Алматы – Қонаев тасжолының бойында орналасқан. Бұл жол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрамына кіреді. Қаланы дамытуға арналған аумақтың жалпы көлемі шамамен 88 мың гектарды құрайды.

Alatau City қалай дамиды

Қаланы дамыту тұжырымдамасы төрт ауданды қамтиды. Әр ауданның өзіндік даму бағыты бар:

  • Күн батқандағы жаяу жүргіншілер көпірі мен ширатылған мұнара, өтіп бара жатқан адамдар
  • Көгал жанындағы заманауи ғимараттар, шөп үстінде демалып жатқан адамдар
  • Салынып жатқан аудан жоғарыдан: кварталдар, жолдар және саябақ
  • Шолу дөңгелегі, лагуна, субұрқақтар және жасыл желегі бар жағалау

Alatau City қалалық әуе көлігі мен ұшқышсыз жүйелерді қоса алғанда, жаңа технологиялық салаларды дамытуға арналған алаңға айналады. Жоспарланған бағыттардың қатарында аэротакси арқылы жолаушылар тасымалдау, сондай-ақ жүк жеткізу және қалалық инфрақұрылымға қызмет көрсету үшін дрондарды пайдалану бар.

Gateway District: болашақ іскерлік орталық

Gateway District ауданында Iconic Complex кешені орналасады. Skidmore, Owings & Merrill (SOM) сәулет бюросы кешеннің сәулеттік жобасын әзірлеп, айналасындағы іскерлік ауданның жоспарлануына да қатысады.

Тұжырымдамада жаяу жүргіншілерге арналған көшелер, жасыл желекпен көмкерілген бульварлар мен қоғамдық алаңдар қарастырылған. Көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарында жүрдек теміржол мен жеңіл рельсті көлік те бар. Оларды іске қосу мерзімі әзірге жарияланған жоқ.

Арнайы құқықтық режим

Alatau City-дің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңымен бекітілген арнайы құқықтық режимге негізделеді. Заң қаланы басқарудың ерекшеліктері мен оны дамыту шарттарын айқындайды.

Инвесторларға қолдау көрсетумен Alatau City Authority компаниясы айналысады. Ұйым жобаларды орналастыру, рұқсат құжаттарын алу және мемлекеттік рәсімдерден өту мәселелерін «бір терезе» қағидаты бойынша шешуге көмектеседі.

Жаңа қаладағы Iconic Complex кешенінің рөлі

Iconic Complex Gateway District ауданының сәулеттік символына айналуға тиіс. Құрылыс аяқталғаннан кейін биіктігі 272 метр болатын T2 мұнарасы Қазақстанның оңтүстігіндегі ең биік ғимарат болады.

Кешенде кеңселер, апартаменттер, қонақүй және сауда орталығы орналасады. Орталық алаң ғимараттарды өзара байланыстырып, Alatau City тұрғындарына, компания қызметкерлері мен қала қонақтарына арналған қоғамдық кеңістік қалыптастырады.

Негізгі мәліметтер

Жиі қойылатын сұрақтар

  • Алатау қаласы қай жерде орналасқан?

    Алатау қаласы Қазақстанның Алматы облысында, Алматы мен Қонаев қалаларының арасында, оларды байланыстыратын А3 автожолының бойында орналасқан.

  • Алатау мен Alatau City – бір қала ма?

    Иә, екі атау да Қазақстанның Алматы облысындағы Алатау қаласын білдіреді. Alatau City атауы презентациялар мен шетелдік инвесторларға арналған материалдарда жиі қолданылады, өйткені бұл нұсқа халықаралық аудиторияға түсініктірек.

  • Алатауда не салынып жатыр?

    Қалада өнеркәсіп, логистика және коммерция салаларындағы жобалар жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ тұрғын үй орамдарын, білім беру және медициналық мекемелерді, туристік нысандарды салу жоспарланған. Gateway District іскерлік ауданының негізгі жобаларының бірі – кеңселер, апартаменттер, қонақүй және сауда орталығы орналасатын Iconic Complex кешені.

  • Iconic Complex кешені Алатаудың қай жерінде орналасады?

    Iconic Complex Алатаудың болашақ іскерлік және әкімшілік орталығы – Gateway District ауданында орналасады. Кешеннің айналасында жаяу жүргіншілерге арналған көшелер, жасыл желекпен көмкерілген бульварлар мен қоғамдық алаңдар жоспарланған.